Caravan Logo

Шахтада бір кенші көліктің астында қалып қойды

Шахтада бір кенші көліктің астында қалып қойды

Ол оқыс оқиға салдарынан ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кісі өліміне алып келген бұл жазатайым оқиға 235-шахтадағы №1 штрект өндіріс орнында болған. Осы оқиғаға байланысты тергеу органдары тексеру жұмыстарын жүргізіуде. Мысалы, тау-кен-шахталық көліктің жүргізушісі жолындағы жұмысшыны қалай байқамай қалғандығын анықтауда. Кенші қаза тапқан шахта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі.

«Жазатайым оқиға салдарынан 1973 жылы туған электр дәнекерлеушісі ауыр жарақат алып, көз жұмды. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.