Шахтада топырақ опырылып жұмысшыларды басып қалды


Оқыс оқиға жер астындағы 750 метр тереңдікте болған. Шахта астында жұмысшылардың үстінен тау жынысы құлап, 3-уі үйінді астында қалып қойды. 45 жастағы кенші сол жерде жан тапсырса, ауыр жараланған 2-уі қазір ауруханада жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кетсек, «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын кен орындарында адам өлімі бұған дейін де бірнеше мәрте тіркелген болатын.