Шахтадан 20-дан астам адамның мәйіті табылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Йоханнесбург муниципалитетіндегі Крюгесдорп қаласындағы қолданыстағы бірнеше шахтадан алдын ала болжам бойынша заңсыз жұмыс істеп жүрген 21 кеншінің мәйіті табылды.

«Қаза болған кеншілер саны 21-ге жетті. Олар заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Полицияның іздестіру-құтқару тобы тағы екі мәйітті тапты. Олар бейсенбі күні таңертең, басқа мәйіттер табылған жердің жанындағы ашық шахта ұңғысынан шығарылды», - деді полицияның ресми өкілі Бренда Муридили.

Бір күн бұрын полиция Крюгерсдорптағы жұмыс істеп тұрған бірнеше шахтада 19 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.


Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.