«Шахтер» футбол командасының бас жаттықтырушысының жұмысынан кетуінің басты себебі - ел чемпионатында төменгі нәтиже көрсетуінен

«Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ шешіміне сәйкес В.Чебурин жұма күні, қазанның 15-інде «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы лауазымынан босатылды.

«Маусым аяқталғанға дейін команданың бас жаттықтырушысы міндетін «Шахтер» ФК атқарушы директоры Асқар Әбілдаев атқарады», - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.