"Шахтер" мен "Восток" Түркияда украин аяқдопшыларымен жолдастық кездесу өткізеді


Онда Украин Премьер-Лигасындағы әріптестерімен алғашқы боп 15 қаңтар күні Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтар күш сынасады. Ал 18-і күні Вахид Масудов тізгінін ұстаған өскемендер сайысады. Анатолий Чанцевтің тәлімін алған "зарейліктер" 12-25 қаңтар күндері өтетін алғашқы бұл оқу-жаттығу жиыны кезінде 21-і күні Әзірбайжаның "Азал" (Баку), ал 24-інде Грузияның «Зестафони» (Застафони) командаларымен де жолдастық кездесу өткізбек.