Шахтерлер елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Аса құрметті Елбасы! Қарағанды облысының шахтерлері қашанда Сіздің тірегіңіз. Біз әрқашан тек қана Сізге сеніп келдік. Сізге сенуге болатынын сан мәрте ісіңізбен дәлелдедіңіз. Сіз еңбек адамын жете түсіндіңіз, өйткені өзіңіз де еңбек адамысыз. Сіздің президенттік өкілетіңізді тапсыру туралы шешіміңізді естіп, көңіліміз құлазыды», - деп жазады Қарағанды шахтерлері.

Олардың жазуынша, шахтерлер ортасында бұл жаңалыққа жүрегі ауырмаған адам жоқ.

«Бізге ұзақ уақыттан бері көрсетіп келген қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Сіз әрдайым ең қиын сәттерде бізбен бірге болдыңыз. Біз үнемі Сіздің қамқорлығыңызды сезінеміз. Біз әрқашан Сіздің бағытыңызды қолдаймыз. Біз еліміздің жүрегі - елорданы Нұр-Сұлтан деп аталғанын қолдаймыз. Біздің ауыр еңбегімізді үнемі жоғары бағалағаныңыз үшін Сізге тағы да алғыс айтқымыз келеді. Сізге мықты денсаулық және амандық тілейміз», - деп түйіндейді шахтерлер.