Атап айтсақ, тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени, білім беру және денсаулық сақтау нысандарындағы жөндеу жұмыстары тәмамдалды. 7-ақпан, 11 сағаттағы жағдаймен Тентек жылу электр орталығының №4 қазандығы іске қосылса, №1 қазандық тамыздық режимі бойынша жұмыс істеуде. Жылу желісіндегі температура 60/46 градус, сырттағы ауа температурасы минут 22 градус, жылу желісіндегі қысым 8,5/2,0 атмосфераны құрап отыр. Көмір қоры 1700 тонна, мазут қоры 230 тонна. Магистралдық желілерде ақау байқалған жоқ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-қаңтарда жылу электр орталығының бір жылу генераторы апат салдарынан істен шықса, сол күні кешкісін екінші генератор да жұмысын тоқтатты. Апат салдарынан көп пәтерлі 208 тұрғын үй, 17 мектеп және балабақша, 4 әкімшілік мекеме мен 3 аурухана жылусыз қалды.