"Кенші еңбегі - бұл нағыз қиын еңбек. Біз бұл еңбекті бағаламасақ қателесеміз. Менің ойымша, қала орталығында кенші даңқының монументін салған дұрыс болар еді. Архитекторларды тарта отырып сұлу мүсіндік композиция құруды қарастыру қажет. Бұл қайтыс болған кеншілерге көрсетілген құрмет болар еді", - деп атап көрсетті Владимир Нехорошев.
"Бүгін жұмыс тобы құрылады. Оған іргетас концепциясын жасау, монументтің жасалатын материалын анықтау, сметасын құру және мезгілін белгілеу үшін архитекторлар, суретшілер одағының өкілдері және де барлық қызығушылық танытқан тұлғалар ене алады. Сондықтан, кеншілер даңқы монументі барлығымыздың ынта-жігерімізбен жасалатынына сенімдімін", - деді облыс әкімінің орынбасары Асқар Базарбаев.
"Arcelor Mittal" АҚ Көмір департаментінің Бас директоры Мұрат Перзадаев кездесу кезінде "Шахтинск және Ленин шахталарындағы қайғылы оқиғалардан кейін біз мұндай монументтің ашылуын қаза тапқан кеншілерді еске алу парызы ретінде бағалаймыз", - деп атап көрсетті. "Біз бұл істің белсенді қатысушысы болуға және осы монументті салуға байланысты барлық мәселелері бойынша Шахтинскінің билік өкілдерімен кеңесуге дайынбыз", - деді ол.
Сонымен қатар, "Қорғау" кеншілер кәсіптік комитетінің "Қорғау" кәсіподағының төрағасы Марат Миргоязов монументті салу ісіне қатысуға ниет білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті