ТЖМ мәліметтері бойынша, Шахтинск қаласында 9 маусымда 14 сағат 30 минутта бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Соның салдарынан жас нәресте көз жұмып, 4 жасар бала көмір қышқыл газынан уланып, ауруханада қайтыс болды.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, өртті ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің жеке құрамның 10 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.