Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Қазақстан" шахта аумағында 22 сәуірде 12 сағат 15 минутта шығыранның дөңгелектерін ауыстыру кезінде экскаватор машинисі ауыр жарақат алып қаза болды.
Сонымен қатар, ТЖМ ақпараты бойынша Жезқазған қаласында "Қазақмыс" корпорациясының темір жол кешенінде 22 сәуірде 10 сағат 10 минутта күкірт қышқылының қалдықтары бар темір жол цистерналарын тазалау кезінде оның ішіне дәнекерші абайсыздан құлады. Адам 1-2 дәрежелі күйікке ұшырап ауруханаға жеткізілді.