Caravan Logo

Шахтинскіде зардап шеккендерге көмек шарасы басталып жатыр

Шахтинскіде зардап шеккендерге көмек шарасы басталып жатыр

Бұл туралы белгілі ақын Ақберен Елгезек Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Оның айтуынша бұл шараны бастаған - белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров

"Қиын жағдайда қалған ағайынға көмектескісі келген астаналықтар 3 қаңтардан бастап, сағат 10:00-15:00 уақыт аралығында Момышұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Белый ветер" дүкенінің сол жағындағы кіреберісте, 3-ші қабаттағы офиске заттарды өткізе алады. Есік ашық тұрады. Шара аптаның жұма күніне дейін жалғасып, жиналған дүние сенбі күні апат болған елді мекенге жөнелтіледі" дейді Ақберен Елгезек.

Байланыс телефондары: +7 7770411470, +7 7017074010.