Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Д. Бухарин энергетикалық кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесін жинақтаған. 1997 жылы Қарағанды 1-ші ЖЭО-ның бас инженері, 2004 жылы Тентек ЖЭО-ның техникалық директоры болып тағайындалды. Кейінгі кездері "ЦентрПром" ЖШС-ін басқарды.
"ЖЭО-ның бұрынғы директоры Манарбек Дәулетбақов қызметінен өз өтініші бойынша босатылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.