Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда грантта оқитын студенттер де ипотека рәсімдей алады. "Наурыз" бағдарламасы аясында шәкіртақы ресми табыс ретінде есептеліп, жас қазақстандықтарға бастапқы нарықтан үй алу мүмкіндігі берілген. Бұл бағдарламаның қалай жұмыс істейтінін және студенттерге қандай талап қойылатынын түсіндіреді.
Студенттерге қандай шарт қойылады?
"Наурыз" бағдарламасы аясында грантта білім алып жүрген студенттерге де ипотека рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бұл ретте студенттің шәкіртақысы ресми табыс ретінде есепке алынады. Бұған дейін Қазақстандағы ешбір банкте мұндай мүмкіндік болмаған.
Бағдарлама талаптарына сәйкес, студент-қарыз алушының бір немесе екі кепілгері болуы тиіс. Кепілгер ретінде ата-анасы қатыса алады. Егер ата-анасы кепілгер бола алмаса, келісімін берген кез келген адам кепілгер бола алады. Банк өкілдерінің сөзінше, студенттің шәкіртақысы табыс көзі ретінде есептеледі. Ал табысы болмаса кепілгер арқылы үй алу мүмкін емес.
Бағдарлама арқылы тек бастапқы нарықтағы тұрғын үй сатып алынады. Несиеге өтініш берген кезде депозитте кемінде 2 млн теңге болуы қажет. Бұл сома баспананың бастапқы жарнасы ретінде есептеледі және тұрғын үй құнының шамамен 20%-ын құрауы мүмкін.
Бағдарламаға қызығушылық танытушылар көп болғандықтан, қатысушылар конкурстық іріктеуден өтеді.
Банк өтінімді мақұлдағаннан кейін қатысушыға қолайлы пәтер табу үшін алты ай уақыт беріледі. Сондай-ақ ата-аналар алдын ала дайындалып, "Отбасы банкіндегі" өз депозитіне үш жыл бойы алғашқы жарнаға жететін қаражат жинай алады. Кейін бұл депозитті студент баласының атына тегін қайта рәсімдеуге мүмкіндік бар.
Кімдер үй ала алады және қандай талаптар бар?
Бағдарлама арқылы азаматтар жеңілдетілген пайызбен баспана сатып алып, тіпті жөндеу жұмыстарына да несие рәсімдей алады.
Бағдарлама ең алдымен баспанаға мұқтаж азаматтарға, жастарға және әлеуметтік осал топтарға бағытталған.
Пайыздық мөлшерлеме қанша?
"Наурыз" бағдарламасы бойынша несие мөлшерлемесі азаматтардың санатына қарай бөлінеді.
Халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) үшін тұрғын үй заемы жылдық 7% мөлшерлемемен беріледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 7,1%-дан 9,6%-ға дейін болады.
Ал тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, қандастар және өзге қазақстандықтар үшін мөлшерлеме – 9%. Бұл жағдайда ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін жетеді.
Қанша сомаға үй алуға болады?
Бағдарлама аясында:
Бұл сомаға пәтерді жөндеу шығындарын да қосуға болады.
Алғашқы жарна азайды
Бағдарламадағы басты жаңалықтардың бірі – алғашқы жарна көлемі.
Несие мерзімі және жеңілдік
Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге рәсімделеді.
Ал заем сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін несие мөлшерлемесі төмендейді:
Қандай үй сатып алуға болады?
Бағдарлама арқылы:
Екінші нарықтағы тұрғын үйді тек моноқалаларда, аудан орталықтарында және ірі ауылдарда алуға болады. Бұл мүмкіндік Астана, Алматы және облыс орталықтарына жүрмейді.
Жөндеу жұмыстарына да несие беріледі
"Наурыз" бағдарламасы аясында пәтер жөндеуге де қарыз алуға болады.
Алайда жөндеуге бөлінетін сома тұрғын үй несиесінің жалпы көлемінің 20%-нан аспауы керек. Мұндай мүмкіндік тек бірінші әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алғандарға беріледі.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай талаптар бар
Қатысушы:
Табыс ретінде:
Егер табыс жеткіліксіз болса, екі кепілгер қоса тартуға мүмкіндік беріледі.
Үйі бар адамдар қатыса ала ма?
Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс.
Тексеру кезінде:
Ал ата-анасының үйі есепке алынбайды.
Депозитте кемі 2 млн теңге болуы керек
Бағдарламаға қатысу үшін Отбасы банкіндегі депозитте кем дегенде 2 млн теңге жиналуы қажет.
Маңыздысы - бұл қаражат өтініш берер алдында салынса да жарайды. Ал депозиттің ашылған мерзімі есептелмейді.
Қатысушылар қалай іріктеледі?
Іріктеу арнайы балдық жүйемен жүргізіледі.
Қосымша балл: