Шәкіртінің кекілін кескен мұғалім сотталды


Оқиға Жамбыл ауданындағы орта мектепте жаңа оқу жылының басында  болған еді. Математика пәнінің мұғалімі сабаққа дайындықсыз келген балаға қол жұмсап, маңдайына қаламмен «екі» деп жазып берген. Кейін оқушының ата-анасы ұстазды сотқа беріп, бір миллион теңге моральдық шығын өтеуді талап еткен-ді. Алайда сот айыпты адамның жүкті екенін ескеріп, бір жарым жылға оның бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Сондай-ақ баланың ата-анасына 60 мың теңге төлеуі тиіс. Қазір Қымбат Әсемжанова мен мектеп директоры жұмыстарынан қуылған.