Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тележүргізуші өз ойын желідегі парақшасында мәлімдеді.
«ЕЛДОС!!! Осыдан кейін “Елдосты шал болды, жастарға орын беру керек, кетсін” дегендер жеке жеке кешірім сұрау керек деп ойлаймын!»,-деген жазбасын оқып, Елдос осы жолы олимпиадаға қандай ішкі “күреспен” барғанын түсінуге болар. «Бұйырған кетпейді» демекші, Елдосқа біреудің кешірім сұрағаны маңызды емес екені жүзінен-ақ көрініп тұр. Артында ұлына сенген отбасы мен елі тұр. Биіксің! Мықты екеніңді дәлелдедің, Елдос! @yeldos60kgҚұттықтаймын! Жүлдеміз, жеңісті күндеріміз көп болғай", - деп жазды ол.