Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ертіс өзеніне түскен қарттың бейнежазбасы ТикТок-та жарияланды. Видеода қария алдымен "сағат түскі 12:00, ауа температурасы — 24" деп, қайда шомылатынын айтып, артынша өзен жағасындағы қарға аунайды. Мұнан кейін арнайы қойылған темірге сүйеніп, суық суға бірнеше мәрте кіріп шығады. Судан шығысымен қар үстінде жалаңаяқ өзінің қайсарлығына қуанып, әндете жөнеледі.
Жасым бар 73-те, жылым сиыр. Қорықпай қыста суға шомыламын. Ей, шалдар, шамаң келсе маған ұқса,
—деп әндетеді ол.