"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін": Мақсат Базарбаев тоқал алу туралы ойын айтты


Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында осы мәселеге қатысты өз ойын ашық айтты.

Мақсат Базарбаевтың айтуынша, ол әзірге екінші әйел алуға дайын емес. Себебі, оның бар арманы балаларын жеткізіп, адам қатарына қосу.

"Шама келіп жатса, алғанға не жетсін? Шамаң келсе - ал. Екеуіне бірдей қарау керек. Алыңдар деген, бірақ қайырлысы - бір әйел. Мен үшін Алла қосқан жарымнан туған балаларымды аяққа тұрғызсам, сол да жетеді деп ойлаймын, өз басым. Бәріне топырақ шашпаймын. Алам десе, әркімнің өз өмірі өздеріне. Бірақ адам бес жылдан кейін не болатынын білмейді ғой", - дейді ол.