Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Тengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.
Соттың мәліметінше, станция кезекшісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша айыпталып отыр.
Бүгін Алматы облысының Қарасай аудандық соты куәгерлерден жауап ала бастады.
"Біз өткелге келгенде бағдаршам өшіп тұрды, онда автобус ұзақ тұрған жоқ. Содан бір минуттай уақыт өткен соң адамдар айғайылай батады. Автобус енді өтіп бара жатқанда онда станция кезекшісі тұрды. Пойыз жақындаған сәтте оның қалай әрекет еткенін көрген жоқпын, - дейді апаттан зардап шеккен Эльмира Жәнібекова.
Еске салайық, 15 қыркүйекте Шамалғанда сағат 19:08-де Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінің Алматы-Отар учаскесінде №43 Алматы-Қостанай жолаушылар пойызы мен Setra маркалы №456 Алматы-Қаскелең жолаушылар автобусы күзетілетін өткелде соқтығысқан еді. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тағы үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр.