"Шамалы қалды, қасыңызда болыңыз деді": Марқұм әкесін еске алған Дастар Оразбеков тікелей эфирде жылап жіберді

Әнші бағдарлама барысында тіпті көз жасына ерік беріп, жылап жіберді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Әнщі әкесінің соңғы демі қалғанша жанында болғанын атап өтті.

"Менің әкемді соңғы сапарға шығарып салатын кезде, дәрігерлер келіп айтты, осындай-осындай шамалы қалды, қасында болыңыз деді. Ол сәттен іштей күйетінім бар. Әкем темекі тартатын.

Өзі жаман аурудан кетіп бара жатыр өкіпесінен. "Балам, бір темекі берші" деді. Әкесінің кеткенін қандай бала қалайды? Мен сол бір темекіні бермесем, менің қасымда бір күн артық бола ма деп ойладым.

Бүйтіп кететінін білгенде, мен сол темекісін берер едім. Сондықтан, өткенде ғана осы оқиға есіме түсіп, бірақ анамның айтқан сөзі жүрегіме қатты батты. Әкем қалды, мен үйге келдім. Анам есік алдынан қарсы алып, "Балам, мен сені әкеңмен жіберіп едім ғой, әкең қайда?" деді.

Енді анам ол әңгімені ренжітемін деп айтқан жоқ қой? Десе де, сол кезде ойындағысын, сол кезде жүрегіндесін айтты", - деп ағынан жарылды әнші.