Шәмшінің кешінде ұлы мен немересі өнер көрсетті

-Жаз еді күлкің де,
Қайдасың бұл күнде,
Сені іздеп арманым,
Сыр бойын шарладым...

Алаштың ұлы сазгерінің туындыларына шөліркеген тыңдарман « Қазақстан» орталық концерт залына сыймай қалды. Ал кеште Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Медеу Арынбаев, «МузАрт» ансамблі және басқа да өнер жұлдыздары Қалдаяқовтың 20-дан астам әнін жанды дауыспен орындады. Әлі күнге дейін аузынан түспей келе жатқан «Ақ бантик», «Бақыт құшағында», «Ақмаңдайлым», «Арыс жағасында» секілді әндерден бастап бүгінгі әнұранымыз «Менің Қазақстанымды» көрермен әншілермен қосыла шырқады. Ал композитордың рухына арналған кеште Қалдаяқовтың ұлы мен немересі де өнер көрсетті.



Жәмилә Қалдаяқова, Шәмші Қалдаяқовтың жесірі:

-Бүгінгі күн біз үшін өте қуанышты күн. Осы күнге Шәмшінің өзі жетпегенге мен қатты қиналамын, жүрегім де ауырады. Бірақ Шәмші марқұм болғанымен, ол білетін: мен өлсем де бүкіл қазақ халқы аман болып, мені ешқанаш ұмытпайды, деген. Сол айтқан сөзі келді.