Шаңғы қоссайысынан норвегиялық Микко Кокслиен Алматыда өткен Әлем кубогының қысқы кезеңінің жеңімпазы атанды


Оған 13 елден келген 50 спортшы қатысқан болатын. Жарыстың алғашқы күні үздік бестікке норвегиялық Микко Кокслиен бірінші, германиялық Бьорн Кирхайзен екінші, жапониялық Акито Ватабе, фраенциялық Джейсон Лами-Шаппьюи мен Максим Лахеурт енді. Кеше Микко Кокслиен тағы да үздік шықты. Одан кейнгі орындарды жапониялық Акито Ватабе, австриялық Бернхард Грубер, германиялық Фабиан Рисле менм франциялық Джейсон Лами-Шаппьюи өзара бөлісті. Ал алғашқы күні 42-орын алған қазақстандық Сергей Шарабаев, кеше командалас серіктері Константин Соколенко мен Владимир Полушинмен бірге екінші жаттығуға қатысқан жоқ. Бұл сында 2010 жыл Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы және 2010/2011 маусымда жалпы есептен үздік шыққан Джейсон Лами-Шаппьюи Әлем кубогының Алматыдағы кезеңінде жарыстың алғашқы күні төртінші, ал екініш күні бесінші орынды қанағат тұтты.