Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына 13-алтын жүлдені салды. Жерлесіміз ара қашықтықты 35 минут 33 секундта еңсерді. Күміс жүлдені тағы бір жерлесіміз Виталий Лиличенко иеленді. Ол командаласынан 6 минут 55 секундқа қалып қойды. Қола жүлде Иран спортшысы Биджан Кангарлуға (Bijan Kangarloo) бұйырды.
Айта кетейік, бұл Михаил Сорокиннің 7-Қысқы Азия ойындарындағы 2-алтын медалі. Бұдан екі күн бұрынғы жарыста ол спринтерлік жарыста чемпион атанған болатын. Спорттың бұл түрінен біздің команда Азиадаға қатысушылардың ішінде бірінші орында келеді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін қазақстандық спортшы Ольга Новикова да шаңғымен бағдарлау спортынан орташа қашықтыққа жарысуда Ақ Азиаданың ойындарының чемпионы атанды, тағы бір жерлесіміз Евгения Кузьмина күміс медальды жеңіп алды. Бұдан екі күн бұрынғы жарыста Ольга Новикова бірінші орын, ал Евгения Кузьмина үшінші орын алған болатын.