Шаңғымен бағдарлау спортынан О. Новикова Қазақстан қоржынына 12-алтын медальді салды

Бұл Қазақстан құрамасының Ақ Азиададағы 12-алтын медалі. Жерлесіміз ара қашықтықты 31 минут 11 секундта еңсерді. Күміс жүлде де біздің құраманың еншісінде. Командаласынан 3 минут 35 секунд қалып қойған Евгения Кузьмина көмбеге екінші болып келді. Қола жүлдені қытайлық Лю Сяотин (Liu Xiaoting) иеленді.

Айта кетейік, бұл Ольга Новикованың 7-Қысқы Азия ойындарындағы 2-алтын медалі. Бұдан екі күн бұрынғы жарыста ол спринтерлік жарыста чемпион атанған болатын. Ол жарыста Лю Сяотин күміс жүлдегер атанса, Евгения Кузьмина қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын.