Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Шанхайда ең ұзақ ұйықтайтын адам байқауы өтеді. Жеңімпаз ақшалай сыйлық алады.
Қатысушылар табиғат аясында 24 сағатқа дейін уақыт өткізуге шақырылады, олардың жалғыз мақсаты - табиғи түрде оянғанша ұйықтау. Іс-шараны Шанхай Чунминг ұйымдастырады. Байқауда жеңіске жетудің бас жүлдесі - 430 доллар, ал жеңімпазға қатысушылар мен онлайн пайдаланушылар "Ұйқы құдайы" деген лақап ат қойған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға деген қызығушылық күткеннен де асып түсті. Тіркеу басталғаннан бері 100-ден астам өтінім берілген. Бірінші күнге, яғни 21 наурызға орын қалмады. Келесі күнге, яғни 28 наурызға, орын толуға жақын.
Байқау әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда, көпшілігі оны әзілмен «жатып ақша табудың оңай жолы» деп атайды. Дегенмен, ұйымдасырушылар іс-шараның мақсаты – табиғат аясында демалуды және саналы ұйқыны насихаттау екенін атап өтеді.