Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің іскерлік серіктестігін нығайту өңірде тұрақты экономикалық өсімді сақтап қалудың күрделі факторына айнала алады - Путин (толықтырылған нұсқасы)

"Ұйымға мүше елдерінің іскерлік серіктестігін нығайту, бірлескен ірі бастамаларды жүзеге асыру аймақта тұрақты экономикалық өсімді сақтаудың күрделі факторына айнала алады. Заман өзгерісіне орай біз көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын орындау іс-шараларының жоспарының жаңа редакциясын қарап мақұлдадық. Бұл бағдарламада өзара серіктестіктің түрлі салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бағытталған нақты қадамдар көрсетілген. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту, құрылыс, энергетика, транспорт және жоғарғы технологиялар саласындағы ірі инвестициялық жобаларды қолдауға назар аударылады ", - деді В. Путин.