Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің Мәскеуде өтетін отырысында ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық және іс-шараларды өзара үйлестіру туралы Хаттамаға қол қойылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, келіссөздерде жаңа қауіп-қатерлермен бірлескен күрес мәселесі әңгімеге арқау болмақ.

Сондай-ақ, министрлер халықаралық жағдайдың өзекті проблемаларын талқылап, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының бұған дейінгі Мәскеу саммиті шешімдерінің орындалу барысын тиянақтайды.