Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартына қол қойды

"Құжат біздің арамыздағы сенімді әрі достық қарым-қатынастардың сипатын бекіте түседі",- деді Қ.Бакиев. "Бүгін ұйым шеңберіндегі ықпалдастықты одан әрі нығайту бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды",- деді ол.

Отырыс қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары жалпы жеті құжатқа қол қойды. Олардың арасындағы ең маңыздысы - Бішкек декларациясы мен мемлекет басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларының жоспарын бекіту туралы шешімі болмақ.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет және сыртқы істер министрлері ұйымға мүше елдердің үкіметтері арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

Бұған қоса Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Іскерлік кеңесі мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Банкаралық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекет басшылары біріккен коммюнике қабылдады. Тараптар Бішкек саммитіне дайындықтың жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін атап өтіп, оның ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінене сенім білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті