Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды

Мәселен, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао, РФ президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Құрманбек Бакиев мемлекет басшыларының декларациясына қол қойды.

Сонымен бірге Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің лаңкестік, сепаратизм және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі тұжырымдама мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің аймақтық антитеррорлық құрылымның жанындағы тұрақты өкілдері туралы тәртіптер бекітілді. Президенттер төтенше жағдайлардың залал-зардаптарын жою үшін көмекке келу жөніндегі келісімге қол қойды.
Сонымен бірге Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің президенттері Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды.