Кездесуге қатысушылар Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің халықаралық лаңкестік, сепаратизм және экстремизммен күрес саласындағы ықпалдастығын нығайту мәселелері сарапқа салынды. Аталмыш мәселелерді шешу - Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының 2004-жылдың басынан бері Ташкентте жұмыс істей бастаған аймақтық антитеррорлық құрылымы Атқару комитетінің басты жұмыс бағдары болып табылады.
Кездесуге қатысушылар Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымының тиімді жұмыс істеуі үшін Ұлттық заңнамаларды үйлестіру, Шанхай Ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде көп жақты құқықтық құжаттарды қабылдау қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратовтың пайымдауынша, Ташкеттегі пікір алмасу көптеген халықаралық өзекті проблемалар бойынша Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ұстаным-көзқарастарының өзара сәйкесетінен көрсетіп берді.
Ташкенттегі отырыс қорытындысы бойынша Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесулерін алдағы уақытта тұрақты негізде өткізіп тұруға шешім қабылданып, осындай кездесулердің регламенті бекітілді.