Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сарапшылары Бішкекте халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімнің жобасын талқылайды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуге қатысушылар халықаралық автокөлік тасымалы үшін қолайлы жағдайлар жасауға, экономиканың осы саласын дамыту үшін тараптардың күш-жігерін үйлестіруге бағытталған келісімнің жобасын талқылайды.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сарапшылары ұлттық заңнамаларды үйлестіру, құжаттамаларды жеңілдету перспективасын, халықаралық автокөлік тасымалына қатысты тараптардың процедуралары мен талаптарын талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті