Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары ұйымның әлеуетін жоғары бағалайды

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымы - белсенді саяси одаққа айналды деп нық сеніммен айтуға болады",- деп мәлімдеді республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, бүгін өткен жиында "экономика мен сауда саласындағы ынтымақтастыққа қатысты көп жақты мәселелер талқыланды". "Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде отын-энергетикасы мен транспорттық әлеуетті дамыту саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылатын болады. Кездесулер мен қабылданған құжаттар ұйымның аяғынан тұру жолындағы тағы бір маңызды қадамға айналмақ",- деді еліміздің үкімет басшысы.

Ал Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков :" Шанхай ынтымақтастығы ұйымы интеграция жолында сенімді алға жылжуда. Біздің өзара ынтымақтастығымыздың көкжиегі кеңейе, тәжірибелік мазмұнмен байи түсті. Ұйым - аймақтық және әлемдік саясаттағы маңызды буынға жатады",- деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті