И.Ходжаевтың айтуынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы шеңберінде мұндай кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кездесудің мақсаты - трансшекаралық қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықтың тетіктерін құру, әділет мекемелерінің лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы ықпалдастығын нығайтуға саяды.
Жоғарғы сот басшылары сонымен бірге сот мекемелерінің әлеуметтік даму және құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі ролін талқылайды.
Кездесуге ҚХР, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан сот билігінің 50-ден астам өкілдер қатысады.