Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер қазіргі дағдарысты еңсеру үшін шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеуі қажет - Назарбаев

"Дағдарысты құбылыстарды еңсеру бойынша және одан ең төменгі шығындармен өту үшін біздің елдерге шаралардың бірлескен жүйесін әзірлеу қажет", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"ШЫҰ қуатты қаржылық-экономикалық бірлестік болу үшін ұйымға мүше елдер барлық қажетті тетіктерге ие. Мұндай түсінік сіздердің бүгінгі кездесулеріңізде де болғандығына сенімдімін", деп нақтылады сөзін мемлекет басшысы.