Кездесу барысында келісім жобасының жаңа нұсқасы мен өзара түсіністік туралы меморандумның жобасын, келісім мен оған қосымша хаттамалардың жобаларын дайындау, оларға қол қою мен күшіне ену реті, сондай-ақ, меморандум жобасын келісу мен қол қою туралы талқылау көзделген.
Кездесуге еліміздің атынан ҚР көлік және коммуникациялар министрлігінің автокөлік транспорты басқармасы бастығының орынбасары Болат Алдабергенов пен ҚазАТО бас хатшысының орынбасары Александр Денисенко қатысады.