Қол қойылған құжатқа сәйкес, тұрақты жұмыс істейтін екі орган лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық орнатып, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ниетті. Тараптар сонымен бірге әртүрлі консультациялар өткізу, ақпарат алмасу және екі ұйым шеңберіндегі шараларға өзара қатысу туралы мәмілеге келді.
Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен. Ал ТМД құрамында Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан республикалары бар.