Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
"Кездесу барысында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарының жобасын, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің аталмыш жоспарды бекіту жөніндегі шешімінің жобасын, сондай-ақ, ШЫҰ аясындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылау көзделген",- деді СІМ өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті