Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы біріккен іс-әрекет жоспарына қол қояды

"Алдымызда қазанда қол қойылған ұйымның өзара түсіністігі туралы меморандумды жүзеге асырудың екінші кезеңі күтіп тұр. Ол Жаңа жылдан кейін Пекинде жүргізілетін болады. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшыларының кездесіп, тиісті келісімнен кейін іс-шара жоспарына қол қояды және де оларды жүзеге асыруға кіріседі",- деді Н. Бордюжа келіссөздердің аяқталуына орай жүргізілген баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, іс-шаралар жоспарына қол қою алдында екі ұйымның басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сыртқы саясат іс-қызметініңдегі ұстанымды, екі ұйымның іс-әрекетінде қайталануды болдырмауды келіседі, сонымен қатар біріккен ынтымақтастық туралы басқа да мәселелерді анықтайды.

Гао Юйшэн өз кезегінде: "Бүгін біздің ынтымақтастығымыздың бағыттары мен салаларын келешекте дамытуға, ынтымақтастық туралы басқа да хаттамаларға қол қоюға мүмкіндік беретін консультацияның бірінші кезеңі аяқталды", деді. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымымен ынтымақтастық жасауға үлкен көңіл аударып отыр, себебі екі ұйымның біріккен іс-қызметі аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке жетелейді. "Менің пайымдауымша, біз аймақтағы қауіпсіздік үшін өзіміздің әлеуеттілігімізді бірлесе отырып дамыта аламыз",- деп қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті