Бұл туралы Sputnik-Қазақстан хабарлады.
"Осындай сәтте тарих еске түседі, бес мемлекет ҚХР-мен шекара мәселесін шешіп, қол қоюдан кейін қоштасып жатқанда, сол кездегі Қытай төрағасы Цзян Цзэмин екеуміз: шекараға қол қойып болған соң тарап кетпей, экономикалық ынтымақтастық ұйымдастырайық деген ұсыныс жасадық. Осылайша ШЫҰ пайда болды", — деді Назарбаев.
Оның айтуынша, сол уақыттан бері ұйым халықаралық тұрғыдан мойындалып, көпқырлы өзара әрекеттесудің тиімді алаңына айналған. Өңірдегі қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жасалды.
Орнықты келісімді-құқықтық қор қалыптастырылды, тұрақты институционалды негіздер құрылып, өңірлік және жаһандық мазмұн күшейіп жатыр, деп қосты президент. "Астана саммитінде, ұйымымыздың жаңа тарихы басталып жатыр деуге болады. Осы отырыс соңғы рет алты жақты форматта өтіп жатыр. Бүгін біз Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беріп, қабылдау рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдадық", — деп еске салды Қазақстан басшысы.