Шанхайда БРИКС ұйымының Даму банкі жұмысын бастады

Ашылу рәсіміне ЖДБ президенті Кундапур Ваман Каматхн ҚХР Қаржы министрі Лоу Цзивэй мен Шанхай мэрі Сян Сюн қатысты. 

«БРИКС - жалпы мүддесі бір бес елміз, оларды бұдан да жақындату үшін жұмыс жасауымыз қажет», - деп мәлімдеді Каматх өз кіріспе сөзінде. 


«ЖДБ құру әлемдік экономикаға ерекше әсер етіп, оның қалпына келуіне жәрдемдеседі», - деп атап өтті Лоу Цзивэй.
БРИКС ЖДБ құру туралы келісімге 2014 жылы шілдеде Бразилияда осы бірлестіктің саммитінде қол қойылған.