Шанхайдан басталған автошеру Астанаға жетті

Автошеру Қытайдан өткен айдың жетісінде жолға шыққан болатын. Енді бүгін Сарыарқа төсіне келіп жетті. Мұнда олар біраз тынығып алып кейін Ресейге бармақ ойда. Артынан  Грузия, Түркия, Грекияны басып өтіп қазанның 24-і Италияда шеруді айқтайды. Өйткені онда, «Милан 2015» халықаралық көрмесі өтіп жатқанын айта кетейік.

Дзян Фу, халықаралық «Жібек жолы» автошеруінің ұйымдастырушысы:

-Біздің шеруге 8 көлік қатысып жатыр. 16 мың шақырымды жүріп өтуді жоспарлап отырмыз. Қазақ еліне Қорғас шекарасы арқылы өтіп Алматы, Балхаш, Қарағанды қалаларын жүріп өттік. Табиғаттарыңыз ғажап екен. 

Loading...