Шантаж жасайтын жаңа вирус тұтынушының файлдарын бұғаулап, оны ашатын кілтті алуға ақша сұрайтын болды

Зертханадағылардың хабарлауынша, Virus.Win32.Gpcode.ak - шантаж жасайтын жаңа Gpcode атты вирустың соңғы үлгісі. "Gpcode вирусының бірнеше түрлері тұтынушылардың сан алуан файлдарын (.doc, .txt, .pdf, .xls, .jpg, .png, .cpp, .h және басқа ) бұғаулауда. Бұдан кейін зарарлы компьютердің тұтынушысы өз файлдарының шифрланғаны туралы автоматты хабарлама алып, шифрды оқитын кілт-бағдарламаны алуға өтемақы сұралатын болды", - делінген хабарламада.