Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Мені мазақтай беріңіздер “Орика” деп. 2018-де гречканы жуамен қуырып жеп, далада жатақханада қалғанда жұмыс іздеп, үйдегілерде ақша сұрағанда жерден алып, жерге салған. Сонда адамдарға алданып, вебкамда отырып, содан шыға алмай шантаж жасап, ұрып, таяқ жеп, сосын ол туралы бірге оқыған сыныптас дос қызыма айтып, ол таратып, әлі күнге дейін сол бір вебкам үшін таяқтың ұшын жеп келе жатырмын. Бұл жайлы бірде бір сұхбатта айтқан емеспін”, - деді блогер.
Блогер өзі сияқты қазақ қыздарының көп екенін, тіпті шыдамай өзіне қол салғандар да бар екенін айтты.
”Мен сияқты қолдаусыз қалған қаншама қазақ қыздары бар. Әлі күнге дейін шантажбен өмір сүріп, барлық тапқан таянғанын сондай сүмелектерге беріп отыр. Қаншама қыз бар асылып, шыдамай кеткен. Мег бір сол қыздарға үміт оты болғым келеді. Яғни, бәрі сенен алшақтап, сені арсыз, сүмелек десе де, өзіңіз үшін өмір сүруге мүмкіндік бар. Сынба, маған қара”, - деді блогер.