Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы журналист Аслан Қаженов өзінің желідегі парақшасында хабарлады.
"Бақыт Сәрсекбаев шәкірттері!
Олимпиада чемпионы жаттықтыратын өрендер бірер күннен кейін Азия чемпионатына аттанады. Осы орайда Түркістан қаласындағы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасынан бата алды. Сәттілік!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бақыт Сәрсекбаевтың бұл әрекетіне қолдау көрсетіп, жылы тілектерін жаудырып жатыр.
"Бекзаттай батыр ағамызды дүниеге әкелген , Алтын құрсақ анамыздың батасы қабыл болсын!", "Көреген жігіт, жас өрендер Бекзат ағасы сияқты чемпиондар көп болсын!", "Бекзат ағалары қолдап, барлық бала алтыннан алқа тақсын! Әумин", "Бекзат Саттарханов ағамыз өте намысшыл еді. Сендерде рингте намысшыл болыңдар. Қазақстан көк байрағы мен әнұранын шырқату үшін, ел намысы абыройы сыналатын аламан долада, жан алысып жан берісетін Джакарта-2026 рингінде қазақтың қарсыластың алдында басын имейтін, қасқыр жүректі, арыстандай айбатты екенін көрсетіңдер..." деп жазып жатыр олар.