Шар - Өскемен теміржол желісі 2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - Көлік және коммуникация министрлігі

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапары барысында концессионер-компания - "Досжан темір жолы" ЖШС басшысымен кездескен. "Екі жақтың пайымдауынша, жұмыс екпіні құрылыс мерзімінің айтарлықтай қысқаратындығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2007 жылдың желтоқсанына дейін тек құрылыс-монтаж жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын да аяқтау жоспарлануда. Яғни, жол 2008 жылдың басында пайдалануға берілуге тиіс", - деп айтылған хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті