«Біздің қолымызда үш облысқа қатысты мәлімет бар: Ақмола облысындағы әкімдіктерге 21 адам, 14 адам Астана қалалық әкімдігіне, 70 адам Ақтөбе облысындағы әкімдіктерге өтініш берген. Бұл мәселеге қатысты мәлімет жинақталып жатыр», - деді А.Теңгебаев сәрсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, әзірге салық органдарына хабарласқандар туралы мәлімет жоқ.
1-қыркүйекте басталған мүлік пен капиталды заңдастыру шарасы 2014 жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғасады.