Екінші тоқсанның үш айында 227,5 килограмм катод алтыны мен 389 килограмм күміс өндірілді. Қазақстанның алтын өндіруші компаниясының өнімдерін негізінен бұрынғыдай швейцарияның Metalor Technologies SA фирмасы тұтынуда.
Компания ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың екінші тоқсанында компания SRK Consulting фирмасының басшылық етуімен және Қазақстандық институттардың қатысуымен Мизек кенішіндегі сульфидті кеннің алдын-ала техника-экономикалық негіздемесі бойынша жұмыстарды жалғастырды. Сонымен бірге бұған дейінгі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесін дәлелдеуге бағытталған бұрғылауды жүзеге асырды. Бұрғылауға жасалған талдау қорытындылары 2005-жылдың үшінші тоқсанында дайын болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мизек кенішіндегі дәлелдік бұрғылау жұмыстары 4900 метр тереңдікте алмасты бұрғылау тәсілін пайдалану негізінде жүзеге асырылды. Бұл жоба алтын өндіру мөлшерін 2008-жылы екі есеге арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. "Шаралтын" АҚ мен оған аффилирлік байланысы бар компаниялар 2004-жылы 70 мың унция алтын өндірді.