."Мария бүгінде әлемдегі танымал жұлдыздардың біріне айналды. Ол алты жасына дейін Сочиде өсіп-өнген, онда туыстары мен достары тұрады, сондықтан да одан көрермендер оқиғаға бірегей көзқарасын күтеді", - деп "ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі NBC атқарушы продюсері Джим Беллдің сөзін келтірген.
Мария Шарапова Forbes нұсқасы бойынша ең бай спортшылар рейтингісіне кіреді. 2012-2013 жылдардағы маусымда Шарапованың кірісі 29 миллион долларға жеткен. Ол кортта небәрі 6 млн. доллар тапқан, қалған 23 млн. доллар жарнамалық келісім-шарттардан түскен.