Шардара су қоймасы тәулігіне 30 - 35 млн текше метр жылдамдықпен толтырылуда

Қазір су қоймасындағы су көлемі 1 млрд 569 млн текше метрді құрап отыр. Бұл былтырғы көлемнен 600 млн текше метрге артық.

Су қоймасына секундына 618 текше метр су келіп, секундына 55 текше метр су тасталуда.