"Мемлекеттік тапсырыс бойынша біз жыл сайын 800-900 мың бір жасар балық шабақтарын жібереміз.Өткен жылы тұқы шабақтарының 800 мыңы жіберілсе, биылғы жылы олардың саны 900 мыңды құрады", -деді Б. Дауылбаев.
ОҚО балық инспекциясы бөлімінің бастығы атап өткеніндей облыс бойынша Шардара су қоймасында балық шаруашылығымен тек Шардараның арнайы балық өсіру питомнигі айналысады.
"Бұл жеткіліксіз, өйткені Шардара су қоймасы облыстағы балық шаруашылығының бастамасы. Балықтар су қоймасынан Сырдарияға, одан аттары белгілі су қоймаларына барып түседі ", -деп түсіндірдіБ. Дауылбаев.
Кеңес үкіметі кезінде Шардараның арнайы балық питомнигі Шардара ГЭС күшімен салынған болатын. Сол кезде 20 тоған дайындалып, инкубациялық цех жабдықталып, арнайы жем беретін құралдар орнатылды. Тоқырау жылдары шаруашылықтар талан-таражға салынып, тоғандар саны қысқарды.
Балық питомнигінің директоры Қадырхан Дербісбековтың пікірі бойынша, мемлекет тарапынан қаржыландыру жасалса, балық шаруашылығын қайта жандандыруға болады.
"Биығы жылы бізге 23 млн теңге бөлінді. Бұл ақша мардымсыз болғанымен, осыған да қуанып отырмыз", - деді ол.
Б. Дауылбаевтың берген ақпараты бойынша өткен жылы облыста 913 мың тонна балық ауланды.