Шардара су қоймасындағы күрделі ахуал сақталған жағдайда Қазақстан Көксарай су қоймасын салу құқығын сақтап қалады

Қ.Тоқаевтың айтуынша, Шардара су қоймасында айрықша күрделі ахуал қалыптасып отырғандықтан, мемлекеттер өткен аптада Бішкекте өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша жүктеп алған міндеттемелерін орындауы қажет. "Қалыптасқан күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы -келіссөздер жүргізу болмақ",- деді ҚР СІМ.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, ұлттық сыртқы істер министрлері "өз үкіметтерінің жұмысын" аталмыш бағытта пәрмендендіруге түрткі болуы тиіс, алайда, "қазіргі жағдаймен мұндай жұмыс нышаны байқалмай отыр".